Бизнес — новости в Казахстане

Астанада сағатына 130 мың теңге алатын элиталық «жезөкшелер» кімдерге қызмет етеді?

Елорданың бай-бағландары мен шенді-шекпенділерінің арасында элиталық жезөкшелерге деген сұраныс көп көрінеді. «Түнгі көбелектердің» айтуынша, атқамінерлер мұндай жезөкшелер қызметіне сағатына 130 мың теңге қаражатқа дейін беруге әзір деп хабарлайды өңірдегі  NUR.KZ тілшісі.

Астанада сағатына 130 мың теңге алатын элиталық "жезөкшелер" кімдерге қызмет етеді?

Көрнекі фото: ptr-vlad.ru

Астананы бәз біреулер «тоқалдар» қаласы десе, енді бірі «түнгі көбелектер» шаһары деп жатады. Бас қалада әсіресе, жұрт ауыз толтырып айтатын «элиталық жезөкшелер» көп көрінеді. Бір қызығы, тәнін саудаға салатын әлгіндей жезөкшелердің дені шеттен келген «көзайымдар».

Олардың кейбірі Астанадағы байларға «қызмет» көрсету мақсатында алпауыт Азиядан келсе, енді бірі сонау Еуропа елдерінен келеді екен.

«Негізі мен біздің «кәсібімізге» қатысты көп мәлімет бере бермеймін. Бірақ, хабарласқан екенсіз, қысқаша айта кетейін. Иә, біз түрлі азаматтарға қызмет көрсетеміз. Олардың арасында бай-бағландардан бастап, түрлі қызметтегі шенеуніктер де бар. Астана — «тоқалдар мен жезөкшелер» қаласы деген пікірді де жоққа шығармаймын. Рас, қалада тәнін саудаға салатын жезөкшелер өте көп. Мен бұл қалаға тек осы мақсатта ғана келіп тұрамын. Себебі, астаналықтар өзге ұлт өкілдерінің бойжеткендері көрсететін «қызметтерге» көп тапсырыс береді. «Түнгі көбелектердің» арасында қазақтың да қыздары жетіп артылады. Ал баға сайтта көрсетілгендей сағатына – 185 АҚШ доллары, яғни, шамамен 60 мың теңгедей, кейде одан да көп сұраймын, бәрі клиенттің қалтасына байланысты», — дейді өзін өзге ұлт өкілімін деп таныстырған бойжеткен.

Пропустить рекламу: 5 секПерейти на сайт рекламодателяРеклама 00ПропуститьНаведите курсор,
чтобы включить звук

Ал жасы бар-жоғы 19-да болса да, Дубай мен Қазақстан арасында жүрген Аруна (аты-жөні өзгертілді) есімді бойжеткен, елге тек «тапсырыс түскенде» ғана келетінін айтты. Арунаның ұлты – ингуш, ата-анасы елордада тұрғанымен, өзі Дубайда тұратын көрінеді.

«Қазақстанға тек «қалталы» адамдардан қоңырау түскенде ғана келіп тұрамын, мәселен, айына 3-4 рет. Сонымен бірге, Астанадағы оқу орындарының бірінде сырттай оқу оқимын. Ата-анам Астанада, әрине менің мұндай іспен айналасатынымды олар білмейді. Ал бағаға келер болсақ, жай күндері сағатына 100 мың теңге, ал демалыс күндері сағатына – 130 мың теңге аламын. Бұл баға баршаға бірдей, байларға да, қарапайым азаматтарға да және өзгермейді, яғни ешқандай жеңілдіктер жоқ. Бұл сомаға түрлі «интимдік қызметтер» мен массаж енеді. Клиенттердің арасында әрине, көбі байлар және тұрақты «тұтынушыларым» да бар деп те айта аламын. Арасында мықты қызметте отырған шенеуніктер де бар», — дейді шетелдік бойжеткен.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Мектептегі жиналыста аузына келгенді айтып, шу шығарған ақтөбелік келіншек жазаланды

Қызын белбеумен аяусыз ұрып-соққан әке жұртты шошытты

Күйеуі шашынан сүйреп, аяусыз соққыға жыққан әйел жанайқайын жеткізді

Аяғы ауырлап қалған 10-сынып оқушысы өлі нәрестені дүниеге әкелді

Қызғаншақ еркектерден шаршаған әйел шырағданға тұрмысқа шығып алды (фото)

Источник