Бизнес — новости в Казахстане

Науқас анасының отасына ақша табу үшін Корея асқан қазақ жігіті жазықсыз қамауға алынды

23 жастағы Жұмаш Аманат бесінші қараша күні Оңтүстік Кореядағы Чхунджу қаласында қамауға алынды. Науқас анасының отасына ақша табу үшін шетелге жұмыс істеуге барған жігітке кенеттен «қыз зорлады» деген жалған жала жабылып, жазықсыз айыпталған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Науқас анасының отасына ақша табу үшін Корея асқан қазақ жігіті жазықсыз қамауға алынды

Жұмаш Аманат. Фото: жеке мұрағатынан

Жұмаштың анасының айтуынша, қазір бұл іске еліміздің Сыртқы істері министрлігі араласып, Оңтүстік Корея тарапымен келіссөздер жүргізуде. Тек əзірге айтарлықтай нəтиже жоқ екен. Ал жеке адвокат жалдауға жігіттің жақындарының қолы қысқа. Бір сөзбен айтқанда, баласын өзге елдің түрмесінен шығару үшін қаражат керек.

«Ұлыма жала жабылды. Оның кінəсі жоқ. Анасы қатерлі ісікке шалдыққандықтан, операция жасау қажет еді. Сол үшін ұлым Кореяға кетіп, жұмыс істеді. 2017 жылдың 15 ақпанда кеткен. Бесінші қарашада ұсталып, қамалып отыр.

Кореяда адвокат жалдау үшін күніне қомақты қаржы төлейді екенсің. Ал, сотқа дейін қырық күн бар. Кореядағы елшілікпен сөйлестік. Бірақ, айтарлықтай нəтиже жоқ», — дейді баланың əкесі Қайсар Шерім.

Пропустить рекламу: 5 секПерейти на сайт рекламодателяРеклама 00ПропуститьНаведите курсор,
чтобы включить звук

Оңтүстік Корея заңына сəйкес, қыз зорлады деген айыппен қамалған адам кемі бес жылдан 20 жылға дейін жазаға кесілуі мүмкін. Десе де, баласының адалдығына сенімді ата-ана барын салып, оны қорғап қалмақ ниетте.

Осы іске байланысты портал тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне хат жолдады.

Бөтен елде еріксіз бөгелген отандасымыздың оралуына қол ұшын беруге ниеттілер болса, QIWI Кошелек +747 710 94 20 есепшотына қаржы аударуына болады.

Тағы оқыңыздар:

Ресей «Байқоңырдың» бір бөлігін Қазақстанға қайтаратын болды

Трансгендер оқушыны қыз деп атаған мұғалім жұмысынан қуылды

Бейтаныс жігіт алып қашқан бойжеткен жетінші қабаттан секіріп кетті

Екі жыныспен дүниеге келген нәрестені дәрігерлер қызға айналдырып жіберді

Алып бұлшықет үшін өмірін қауіпке тігіп жүрген жігіт жұртты шошытты (фото)

Источник